«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ұстаз есімі – мектеп төрінде

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектептердегі кабинеттерге елеулі жандардың есімін беру ісі Басшилі ауылындағы Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектепте де жалғасын тапты. Білім ордасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетіне 1974-1984 жылдар аралығында басшылық еткен Қалиев Төкен Қорқытұлының есімі берілді. Алдағы уақытта Төкен Қорқытұлының ұрпақтарының демеушілігімен кабинет заманауи тұрғыда жабдықталып, сонымен қатар, мектеп оқушылары оқитын мәуелі орынға айналмақ. Төкен Қалиев өзінің белесті білім жолында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті мұғалімі болған. Әр ісіне зер сала тиянақтылықпен қарайтыны – оны бедел биігіне жетелеп, ұжымының мақтанышы етті. Себебі, есімін елі қадір тұтар Төкен Қорқытұлының бұл білім ордасына сіңген еңбегі орасан. Шәкірт тәрбиелеуде алдына жан салмаған ұлағатты ұстаздың ұлы есімі мектеп төрінде мәңгі сақталынып қалмақ. Сондай-ақ, мектеп сахнасында Төкен Қорқытұлының құрметіне арналған «Ұстаз есімі — мәңгі» атты іс-шара өткізілді. Осы орайда, Ер есімі ұлықталып, ерен еңбегінің жемісі шәкірт санасында қайта жаңғырды десек те болады.  Айта кеткен жөн, ардақты есімге көрсетіліп отырған осы бір абзал іс мектеп ұжымының бірлесуімен нәтижесін танытып отыр.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

 

 

Ұқсас ақпараттар

Жанар ИБРАЕВА, әскери қызметкер: ЕЛБАСЫМЕН ЕКІ РЕТ КЕЗДЕСТІМ

admin_mugalzhar

ЛИНОТИПИСТ — ҚАПИЗА АПАЙ

admin_mugalzhar

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.