«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан Ұлттық банкі 22 қарашадан бастап 500 теңгелік, дизайны өзгерген жаңа банкнот айналымға шығарылғанын хабарлады. 2006 жылы шыққан, дизайны ескі банкнот 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда болады.

«2017 жылғы үлгідегі, номиналдық құны 500 теңгелік банкноттардағы мемлекеттік тілдегі жазулар банкноттың дизайнын әзірлеу кезінде қолданыста болған кириллица әліпбиімен жазылды» делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Ұлттық банк банкнот пен монеталардағы жазуларды өзгерту жұмыстарын Қазақстан президентінің 2017 жылдың 26 қазанында шығарған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына сай жүргізетінін хабарлады.

Нзарбаевтың бұл жарлығымен үкіметке қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша Ұлттық комиссия құру, әліпбиді 2025 жылға дейін «кезең-кезеңімен» ауыстыруды қамтамасыз ету және осыған байланысты шаралар қабылдау тапсырылған.

Аzattyq.org

Ұқсас ақпараттар

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА «АЙНАЛАЙЫН — 2022» БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.