«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Апа-ау» әні аудан сахнасында шырқалды

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, актриса Жанар Айжанова өткен аптада мұғалжарлықтарға арнап «Апа-ау» атты ән кешін берді. Әнші жергілікті тұрғындарды ауданның 20 жылдығымен және қаланың 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Көгілдір экрнанның арғы жағынан концерттерде немесе комедиялық жанрларда түсірілген кинолардан көріп жүретін әншінің ән кешін тамашалауға барғандар аудандық Мәдениет үйін лық толтырды. Көпшілікке «Апа-ау» деген әнімен танымал болған Жанар Айжанова бұл кеште тек ән айтып қана қоймай, әртістік шеберлігін де танытып, көрермендердің көңіліні бір көтеріп тастады. Кешке қатысқан аудан әкімі Ербол Данағұлов қазақтың әнші қызына мұғалжарлықтардың атынан алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қауіпсіз келешек

admin_mugalzhar

БІР ҒАСЫР САНДАРДЫ САРАЛАҒАН САЛА

admin_mugalzhar

АЙША –АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.