«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында оқушыларға берілетін тапсырманы азайтуды тапсырды, деп хабарлайды Mugalzhar.kz, Baq.kz тілшісінің мәліметіне сілтеме жасап.

 «Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек», — деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан президенті білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажеттігін атап өтті. Осы орайда Елбасы еліміздің барлық өңірінде оқушыларды ғылымға тарту үшін тиісті жағдай жасау керектігін хабарлады.

«Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі», — деді президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Ұқсас ақпараттар

ӘР ТӨБЕНІ ЗИРАТ ҚЫЛУ ДҰРЫС ЕМЕС!

admin_mugalzhar

Табиғи апаттар, агрессия, қақтығыстар: Қазақстандық астролог 2022 жылы әлемде және елімізде қандай өзгерістер болатынын болжады

admin_mugalzhar

Қазақстандықтардың орташа айлығы 200 мың теңгеден асты — зерттеу

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.