«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сессияда 9 мәселе қаралды

Жуырда Мұғалжар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Оған аудандық мәслихаттың 14 депутатынан 10 депутат қатысты. 

Аудандық мәслихаттың кезектес тыс сессиясының күн тәртібінде 9 мәселе қаралып, шешімдер қабылданды. Айта кетсек, 2018-2020 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы және  Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2018 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімдері қабылданды. Сонымен қатар, аудан бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы мәселелері күн тәртібіне енгізілді.  Аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау  туралы және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы т.б. мәселелер шешіміне өзгерістерді енгізді.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Ұқсас ақпараттар

Қандыағашта жастарға арналған үлкен саябақ пен Жастар үйі салынатын болады

admin_mugalzhar

Такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңге алған Қандыағаш тұрғыны істі болды

admin_mugalzhar

ШАНСОВ ГРИППУ НЕДАДИМ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.