Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткер Ермағамбетов Камшат Камалұлы сайлауалды бағдарламасы:
- Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың округте нәтижелі жүргізілуіне атсалысу;
- Елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын қолға алу;
- Жастардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мен әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсартуға атсалысу;
- Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету;
- Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша түскен қаражаттарды уақытылы және сапалы орындау.
ӨМІРБАЯНЫ
Ермағамбетов Камшат Камалұлы 1984 жылы 13 шілдеде Мұғалжар ауданы, Қаркөл ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Жәңгірхан атындағы аграрлық техникалық университетін инженер мамандығы бойынша, 2010 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2017 жылы Алматы қаласындағы Қайнар университетін заң-магистр мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын «Орқаш-А» ЖШС-нде механик болып бастаған. Қазіргі таңда, аталмыш ЖШС-нің бас инженері және Темір орман шаруашылығының Жұрындағы бөлімшесінің орманшысы болып жұмыс істейді.
Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткер Байжанов Тимур Турсханұлының сайлауалды бағдарламасы:
- Елбасының қолдауымен Үкімет қабылдаған әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына және оның орындалу сапасына бақылау жасау;
- Тұрымысы төмен, әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуге ықпал ету;
- Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында ұсынылған жобалардың жүзеге асырылуына ықпал ету;
- Гендерлік саясатты іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;
- Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
- Ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
ӨМІРБАЯНЫ
Байжанов Тимур Турсханұлы 1982 жылдың 27 қазанында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қалалық сотында бастаған. 2004-2005 жылы Ақтөбе облыстық сотында соттар әкімшісі қызметін атқарған. 2007-2012 жылдары аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығының Қандыағаш қаласындағы бөлімшесінде маман болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары Қандыағаш қаласы мен Талдысай ауылдық округіндегі әкім аппараттарында қызмет атқарды. 2017 жылдан бастап Ақкемер ауылдық округі әкімі аппаратында жұмыс істейді.
Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткер Шарипов Медет Жалғасұлының сайлауалды бағдарламасы
- ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің қолдауымен Үкімет қабылдаған әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына және оның сапасына бақылау жасау;
- Ауылды абаттандыру мәселесін басты назарда ұстап, көшелерді көгалдандыруға, көріктендіру бағытында жұмыстар жүргізу;
- Ауылдағы жұмыссыздықты жоюға әлеуметтік жағдайды теңестіру арқылы материалдық көмек берудің кейбір жолдарын қарастыру;
- Салауатты өмір салтын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізу;
- Білім сапасын жақсарту үшін мектептің материалдық базасын нығайтуға ықпал жасау;
- Шағын және орта бизнесті дамыту.
ӨМІРБАЯНЫ
Шарипов Медет Жалғасұлы 1981 жылы қараша айының 26-сы күні Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай елді мекенінде дүниеге келген. 2005 жылы Қ. Жұбанов атындағы университетті тарих мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолы 2002 жылы Қожасай негізгі мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен басталған. 2005 жылы мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі, ал 2007-2014 жылдары аралығында аталмыш негізгі мектептің директоры болды. 2014 жылдан бастап осы күнге дейін Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің директоры қызметінде.
Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі қызметіне үміткер Ахметов Рустем Әлімұлының сайлауалды бағдарламас:
- Үкімет қабылдаған әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына және оның сапасына бақылау жасау;
- Округке қарасты шағын елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алу;
- Ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындалуын қамтамасыз ете отырып, жұмыссыздық мәселесін шешу;
- Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасау;
- «Туған жерге тағзым» акциясын округ көлемінде жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізу.
ӨМІРБАЯН
Ахметов Рустам Әлімұлы 1990 жылы Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ-орыс Халықаралық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратында бастаған. 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін Мұғалжар ауданы әкімінің бас инспекторы болып қызмет атқарады.