«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қандыағаштың жолдары жөнделе бастады

Қандыағаш қаласының қалаішілік жолдарын жөндеу жұмыстары басталды. 

Мұғалжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша өткен жылы ауыспалы кезеңмен басталған қаладағы Интернациональный, А. Жұбанов, С. Торайғыров көшелерінің жолдарын жөндеу қайта жалғасып, биыл толық аяқталады. «Достық» мөлтек ауданындағы, қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығының алдындағы жолдар, Амангелді, Байкунов, көшелерінің жолдары ауыспалы кезеңмен биыл басталады. Сонымен қатар, Қалыбаев көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі жерге жаңа тас жол төселеді. Жолды жөндеу жұмыстарын мердігер компания «Жол АлғаСистемс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Ал Ембі қаласындағы Абай, Елубаев көшелері мен Жем қаласының кіре берісіндегі жолдарды ауыспалы кезеңмен былтыр бастаған «ГОАР» ЖШС-ы ағымдағы жылы аяқтайды.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ЧЕМПИОН ТАҒЫ ДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Теңге ілуден Қазақстан Ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

admin_mugalzhar

Армения мен Әзербайжан гуманитарлық бітімге келді

admin_mugalzhar