«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол мексикалық Хайме Мунгиямен кездесіп, орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

RingPolska басылымының мәліметіне сүйенсек, Головкин мексикалық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Қос тарап бірнеше апта бойы келіссөз жүргізіп жатыр.

Мунгия — бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Головкиннің дивизионында екі жекпе-жек өткізген. Ол алдымен ирландиялық Гэри О’Салливанды, кейін багамалық Туреано Джонсонды жеңген.

Головкинге қарсылас болуы мүмкін тағы бір боксшы — WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде. Бірақ, ол міндетті үміткер ұлыбританиялық Лиам Уильямспен жекпе-жек өткізуі керек.

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда АҚШ-та өткізген болатын. Сол кезде поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған еді.

Ұқсас ақпараттар

Kaspi.kz, Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі анықтама алу сервисін іске қосты

admin_mugalzhar

ОНЛАЙН ОҚУ: ОҢТАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ КЕЗЕКШІ ТОП:САҚТЫҚ ШАРАСЫ САҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

АЭС ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН САЛАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.