«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжарлықтар Ақтөбеге барады

Қазанның 5-і мен 6-сы күндері Ақтөбе қаласында «Туған жерім – нұрлы елім» атты Мұғалжар ауданының күндері өтеді. Облыс орталығында екі күн бойы мұғалжарлықтар бірқатар шаралар ұйымдастырады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметі бойынша, Ақтөбе қаласындағы аудан күндерінің бағдарламасына сәйкес, 5-і күні «Таза өлке» атты Мұғалжар жастарымен экологиялық акциясы, «Дені саудың – тәні сау» атпен келушілерге тегін медициналық қызмет көрсету, «Үміт» балалар үйінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы, «Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында «Саз әлемінің сардары» байқауы, Т. Ахтанов атындағы драма театрында «Ойраны шыққан отбасы» қойылымы, Ретро-паркте «Сағындырған әндер-ай» ән-би кеші өткізіледі. Сонымен қатар, Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов Қ. Жұбанов университетінде білім алып жатқан мұғалжарлық жастармен кездеседі. «Тәрбие — тал бесіктен басталады» атты тақырыпта Ақтөбе қаласындағы перзентханаларда дүниеге келген нәрестелерге жасауымен 20 бесік сыйға таратылады.

Қазанның 6-сы күнінің таңы Ақтөбедегі «Табыс» коммуналдық базарында Мұғалжардың  арзандатылған бағамен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесімен басталады. «Бақытты бала» жобасы аясында ауданнан шыққан меценат Б. Байжарқыновтың қайырымдылық шарасымен жалғасады. Одан бөлек, аз қамтылған, жетім, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға Ақтөбе қаласының ең көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік жасалады. ҚР Тұңғыш Президенті саябағында балаларға арналған түрлі шаралар және спорттық ұлттық ойын түрлерінен сайыс, Қызылорда өңірінің  мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін насихаттау мақсатында шара  ұйымдастырылады. Шаңырақ көтерген жас отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі. Ал кешке сол саябақта «Мұғалжар туған байтағым» атты гала-концерт өтеді. Мерекелік концерттің қонағы болып Қазақстанның эстрада жұлдызы Ерке Есмахан қатысады.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

 

 

Ұқсас ақпараттар

Құс тұмауы ет бағасына әсер ете ме?

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

Талап КҮШТІ, орындалуы ӘЛСІЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.