Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

0
3705

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 10-бабы 2 тармағы және 18 бабы 4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2018 жылдың қазан айының 31 күні аудан  әкімдігінің мәжіліс залына жергілікті уақытпен сағат 1030-ға шақырылсын.

Сессияның қарауына төмендегідей күн тәртібі енгізілсін:

  • №1 Батыс сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутатын сайлаудың қорытындылары туралы

Хабарламашы: аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

  • №10 Ақкемер сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутатын сайлаудың қорытындылары туралы

Хабарламашы: аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

  • Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы

Хабарламашы: аудандық мәслихатының аппараты.

 

 

Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы                                                                                                           Т.Казбеков