Жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы биыл жалпы саны 366 мұғалжарлық жасты жұмыспен қамту жоспарланған.
«Мансап» орталығының мамандары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты саналатын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасынан іс тәжірибеден өтетіндерге айына 103 500 теңге көлемінде еңбекақы төленетінін айтты.
—«Жастар тәжірибесі» — оқуды аяқтаған соң 5 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді жұмысқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырылатын бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер қатысады. Тәжірибеден өтетін уақыттың ұзақтығы 12 айдан аспайды. 2003 жылы аталған бағдарлама аясында Мұғалжар ауданы бойынша 366 жасты жұмыспен қамту жоспарланған болса, бүгінде 128 жас маман жұмысқа орналасты, — деді «Мансап» орталығының директоры Ғалым Дәрімбетов.
Н.АБАТ