«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дәрігер асқазан ауруларының алдын алатын 7 өнімді атады

Диетолог дәрігер Елена Соломатина «Вечерняя Москва» басылымына берген сұхбатында асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алатын өнімдерді атады.

Дәрігердің сөзінше, ол өнімдер тек адам ағзасына оң әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, қуатты антиоксиданттар көптеген қауіпті аурудың алдын алады.
Бірінші орында — зімбір. Маман зімбірді тамырымен не құрғақ күйінде, ұнтақталған және қант қосылған күйінде қолдану пайдалы екенін айтты. Өсімдіктіктің бұл түрі ертеден көптеген ауруды емдеуге қолданылып келген.
Тағы бір пайдалы өсімдік — гүлшетен. Оның иісі тәбетті ашып, ас қорытуды жақсартады. Гүлшетенді көбіне тәбеті жоғалып кеткен және бірден көп салмақ тастаған адамдарға берген дұрыс. Сонымен қатар, өсімдіктің бұл түрін қара шайға қосып ішуге болады. Бұл асқазанды тыныштандырады.

Дәрігер қатерлі ісіктің алдын алатын куркуманы да көп қолдануға кеңес берді. Куркума — зімбір тұқымдас көпжылдық шөп өсімдіктерінің түрі. Маман пайдалы өнімдер қатарына чили ащы қызыл бұрышын, сарымсақ, жалбыз бұрышын және түймедақты жатқызды.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

В КАНДЫАГАШЕ РЕГУЛЯРНО ОБРАБАТЫВАЮТСЯ 110 ДОМОВ

admin_mugalzhar

16 НАУҚАС АУРУХАНАДА ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

admin_mugalzhar

«TALANTTAR ALEMI-2021»: ГРАН-ПРИ — МҰҒАЛЖАРДА!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.