Олимпиадашыларды қолдау мақсатында Ақтөбеде шаңғы жарысы өтті

0
75

Демалыс күндері Ақтөбедегі №4 спорт мектебіне 200-ге жуық адам жиналды, олар болашақ олимпиадашыларға қолдау көрсетуге келді. Стартта ең бірінші болып 7 жасқа дейінгі қатысушылар тізілді, олар 100 метр қашықтықты жүріп өтті, деп хабарлайды “Мұғалжар” тілшісі.

“Ақтөбе – адалдық алаңы” кеңсесінен хабарлағандай, 60 жастан асқан қатысушылар бар. Сондай-ақ, 14-39 жас аралығындағы қатысушылар шаңғымен 3 км қашықтыққа жарысты. Барлығы 160 адам қатыты. Финишқа келген алғашқы үштіктерге дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық жарысқа Ақтөбе облысынан 2002-2003 жылдары дүниеге келген 6 спортшы қатысуда. Бірінші және екінші тур нәтижесі бойынша жеңімпаздар жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсетеді.