«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РУХАНИ КЕШ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІСІНЕ АРНАЛДЫ

Бүгін Қандыағаш қаласындағы аудандық кітапханада «Мерейлі белестердің белсендісі» тақырыбында ауданның «Құрметті азаматы», мемлекеттік қызметтің ардагері Амангелді Шунимовпен рухани кездесу кеші өтті.

Аталған шараға ауданның «Құрметті азаматы», «Шапағат» жекеменшік ауруханасының бас дәрігері Аманжол Адаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрал Байсұлтанов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Шәмшат Әбдірзақ, кітапхана қызметкерлері және колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Шара басында кеш жүргізушісі Амангүл Қарашбаева Амангелді Қалиұлының қысқаша өмірдерегіне тоқталып, оның қаламынан шыққан туындылары мен жарық көрген кітаптары туралы мағлұмат беріп өтті. Сонымен бірге Амангелді Шунимовтың кітаптары мен газет бетіне жарияланған мақалаларынан көрме ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде 1123 ауылға сапалы интернет тартылады

admin_mugalzhar

АУДАНҒА ЖАҢА БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ АЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

МИКРОБҚА ҚАРСЫ АПТАЛЫҚ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar