Такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңге алған Қандыағаш тұрғыны істі болды

0
310

Баласын жұмысқа орналастырамын деген алаяқтың сөзіне алданған Қандыағаш қаласының 49 жастағы тұрғыны аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, 645 мың теңгесінің қолды болғанын, әлі күнге дейін ала алмай жүргенін айтып, арыз түсірген.

Тағы бір алаяқтың құрбанына айналған 1993 жылы туған Қандыағаш қаласының тұрғыны автокөлігін Қандыағаш-Ақтөбе бағытындағы такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңгесін беріп, алданғанын айтып, ішкі істер бөліміне арыз түсірген.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.