Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесті

0
291

Ақтөбеде тағы да студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауырханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін сағат 10:00-де Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына пышақ жарақатын алған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ колледжінің 2 курс студенті жеткізілді.

«Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 24-3, 99-бабының 2-бөлігімен «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университінің 2 курс студенті ұсталды. Қылмыс құралы пышақ тәркіленді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, 5 ақпан күні студенттер арасында төбелес болды. Оқиға Қ.Жұбанов университетінің жатақханасының маңында тіркелген. Пышақ жарақатын алған студентке ота жасалып, ауруханада ем қабылдап жатыр.