«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Димаш жаңа фильмге саундтректің үзіндісін жариялады

Әнші Димаш Құдайберген фэнтези жанрындағы фильм саундтрегінің тизерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында «Creators: the past» фильмінің саундтрегінің әлемдік таныстырылымы өтеді», деп жазды әнші Instagram-парақшасында. Бұған дейін Димаштың италиялық фэнтези жанрындағы фильм саундтрегін орындағаны хабарланған еді.

Туынды 2020 жылдың наурыз айында прокатқа шығады. Картина желісін Пьерджузеппе Зая (Pirgiuseppe Zaya) мен Элеонора Фани (Eleanor Fani) жазып шыққан. Режиссер — Пьерджузеппе Зая. Басты рөлдерде Жерар Депардье, Брюс Пейн, Элеонара Фани, Марк Фиорини, Дженнифер Мискиати мен Уильям Шатнер ойнайды.

Сондай-ақ, әнші парақшасында «Creators: The Past» фильмінің трейлерін жариялады.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР ЖАСТАРЫ ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰХИТТЫҢ АР ЖАҒЫНАН ЖЕТКЕН КӨМЕК

admin_mugalzhar

Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндеттелді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.