«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оқушыны зорлаған ақтөбеліктің ісі сотқа түсті

Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қаласының Алматы аудандық прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, 21 жастағы Ақтөбе қаласы тұрғынына қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Оған кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін айып тағылды. Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді», — деп жазды Ақтөбе қаласының Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Еске салсақ, оқиға 12 желтоқсан күні түсте болған. Ер адам 9 жасар оқушы қызды өз үйінде зорлаған. Ол пәтер есігін алдап ашқызған.

Ұқсас ақпараттар

Звездное небо над Арбатом

admin_mugalzhar

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА «ПРОКУРОР КАБИНЕТІ» АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.