«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алматыда бизнесмен 50 отбасына газды тегін қосып беруге уәде етті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу барысында қаланы газдандыру мәселесі қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардың бірі көгілдір отынды қосуды жағдайы көтермейтін халыққа бөліп төлеуге мұрсат беруін сұраған болатын. Тұрғыннан соң іле шала микрофонға асыққан ер адам қала әкіміне өз ұсынысын жеткізді.

«Мен бизнесменмін. Қаланың экологиялық ахуалы мені де қатты толғандырады. Күз түсе менің балаларым ауыра бастайды. Бұл мен үшін өте маңызды мәселе. Мен қаланың төменгі аудандарына барғанда байқаған нәрсем бар. Мәселен, Думан шағын ауданында бір үйді газдандыруға 300 мың теңге керек. Кейбір отбасылар барлығы жабылып 300 мың теңгені айына әрең табады. Олар сосын бірнеше жыл жабылып жатып сол ақшаны қайтарады. Ал бизнес қауымдастығы үшін 300 мың түк емес. Осы орайда бизнесмендерге челлендж бастағым келеді. Мен өзім 50 отбасына газды тегін қосып беремін. Менің әріптестерім де мені қолдайды деп сенемін», — деді бизнесмен.

Залға жиналған қауым бизнесменге ризашылық білдірді. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев алматылықтар газ тарту үшін пайызсыз несие ала алатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың есепті кездесуі өтіп жатыр. Жиында әкім қала үшін 400 жаңа автобус сатып алынатынын хабарлады. Сондай-ақ Алматы меншігіне 383,5 гектар жер қайтарылғандығын айтты.

Ұқсас ақпараттар

Облысқа 19 реанимобиль автокөлігі әкелінді

admin_mugalzhar

2020 жылдың қараша айына арналған жұлдыз-жорамал

admin_mugalzhar

Мұғалжар баурайындағы сұлулықпен тыныстаған туындылар

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.