Алғыс айту күні қарсаңында мұғалжарлық волонтерлар марапатталды

Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың жанынан құрылған “Демеу” тобының волонтерлары марапатталды, деп хабарлайды “Мұғалжар” тілшісі.⠀
⠀
Алғыс айту мерекесі қарсаңында қоғамдық шараларға белсене қатысып жүрген “Демеу” волонтерлық клубының волонтерларын орталық мамандары Алғыс хатпен марапаттады. Бұл шараға волонтерлардың ата-аналары да қатысты.⠀
⠀
Орталық маманы Жандос Айтжанов волонтерлар жылы аясында көптеген игі жұмыстардың жүргізілетіндігін тілге тиек етіп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.