«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өкілдері Ақтөбе жастарымен онлайн-кездесу ұйымдастырды

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жастарды мамандыққа машықтандырып қана қоймай, ақшалай қолдау көрсетпекші. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Тельман Малаев Автожол колледж студенттерімен «онлайн» режимінде өткен кездесу кезінде айтты.

«Студенттер қазір төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқып жатыр. Бұл бір жағынан жаңа технологияны меңгеруге қолайлы. Өзіміз де осы карантин кезінде үйренеріміз көп екенін аңғардық. Дегенмен, жол құрылысы қандай жағдай болмасын тоқтамайды. Қызметкерлеріміз құрылыс басында жол салуға қажетті материалдарды тексеріп жүр. Жол саласында маман тапшы екен рас. «Жоқ екен» деп қол қусырып отыра беруге де болмайды. Өңірімізде жол саласы мамандарын дайындайдын жалғыз колледж бар. Олармен үнемі байланыстамыз. Жастар тек теориялық тұрғыда дәріс алып қоймаса дейміз. Себебі түк білмей, қалтасына қолыын салып тұратын адамды кім жұмысқа алады? Сондықтан студенттермен тәжірбиемізді жиі бөлісіп тұруға тырысамыз. Қашықтан оқтылып жатса да онлайн кездесуіміз кәделеріне жарар деп ойлаймын», — дейді Тельман Жәдігерұлы.

Zoom бағдарламасы арқылы кездесуге автожол колледжінің үшінші курсында оқитын 40 студент қатысты. Оларға «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өндірістік тәжірбиеден өткендерге айлық тағайындайтыны ұнады.

«Барлық студентті жинап алып, оңды-солды жалақы бермейміз. Жол саласында тәжірбиеден өтетін жастың оқу үлгеріміне,оның жұмыс істеуге деген құлшынысы ескеріледі. Мамандарымызбен бірге еңбектеніп, атқарған ісіне қарай бағалаймыз. Бұл студент үшін үлкен қолдау. Биыл жол саласы мамандығына жастарды тарту мақсатында орталық «Мың мектеп» жобасын қолға алды. Біз аймақтағы қырыққа жуық білім ошағын аралап, түлектерге ақыл-кеңесімізді айттық. Жол саласы маманы боламын деген жасқа қолдау көрсетуге әркез әзірміз», — деді Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы басшысы Тельман Жәдігерұлы.

Ұқсас ақпараттар

Зиба СҰҢҒАТОВА, кәсіпкер: Бұл карантин өзіміз, ұрпағымыз, халқымыз үшін қажет!

admin_mugalzhar

ЕҢБЕКТЕ 11 ШАРУА ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ КҮТУДЕ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз пәтерден табылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.