«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Италиялық ғалымдар коронавирустың күшін толық жоюға қабілетті вакцина ойлап тапты

Италиялық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, — деп хабарлайды Daily Mail

Вакцинаның әсері зертханада тышқандар арқылы сыналған. Оларға вакцина салынып, сараптамаға антиденесі алынды. Бұл антиденелер адам жасушасындағы COVID-19-ды зертхана жағдайында көзін жоюға қабілетті болып шықты. Ал адамдарға тест өткізу күзге жоспарланған. 

«Біздің білуімізше, біз дүние жүзі бойынша коронавирустың күшін жоятын вакцинаны ойлап таптық», — дейді ғалымдар. 

Еске салайық, 7 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 3,6 миллионнан асып, 247 мыңнан аса адам қайтыс болды. Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 4422-ге жетті. Оның ішінде 1408 адам айығып шығып, 30 адам қайтыс болды. 

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

10 НАУҚАС АУРУХАНАДА ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

admin_mugalzhar

Ақтөбедегі «Көрпе Fest» фестивалінде жүздеген шебер құрақ көрпе тікті

admin_mugalzhar

30 тысяч безработных планируется обучиться в рамках проекта «Бастау бизнес»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.