«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды

Alibaba корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Forbes басылымының хабарына қарағанда, қытайлық миллиардерлер тізімінде бірінші орынды онлайн ойындардың ірі дистрибьюторы Tencent Ma Huateng иеленді.

Жыл басынан бері Tencent акциялары  14 пайызға қымбаттап, осы жылдың бірінші тоқсанында ойын бизнесінің кірісі 31 пайызға артыпты.

Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге байланысты Қытайда мобиль ойындарға сұраныс артқан.

Қазіргі таңда Ма Хуатенгтің байлығы 48,3 миллиард долларға, Джек Маның байлығы 41,2 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Наурыз айында ең бай қытайлық кәсіпкерлердің тізімінде Tencent компаниясының негізін қалаушы бірінші орынды иеленген. Бұл кезеңде оның байлығы 44,5 миллиард долларға бағаланған.

Alibaba Group — Қытайдағы ең ірі интернет-компания. 1999 жылдан бері электронды сауда саласында жұмыс істейді. Топтың бірнеше еншілес және онлайн сайттары бар: Alibaba Pictures, Alibaba.com, AliExpress.com, Taobao.com, Tmall.com.

Tencent корпорациясының негізі 1998 жылы негізі қаланған. Компания танымал WeChat мессенджерін, Honor of Kings ойынын, Tencent Music сервисін ойлап шығарған.

Ұқсас ақпараттар

Ресей ақыны Лилия Виноградова Димашпен жұмысы туралы айтып берді

admin_mugalzhar

ЖЕҢІМПАЗ ӘКІМ МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

8,9 млн казақстандық коронавирусқа қарсы толық егілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.