«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда темекі айтарлықтай қымбаттады

Ай ішінде темекі бұйымдарының бағасы 0,7 пайызға, жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады. Шығыс Қазақстан облысында (3,2 пайыз), Павлодар облысында (2,5 пайыз) және Жамбыл облысында (2,1 пайыз) бағалар айтарлықтай жоғарылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Қазақстанда темекіні 21 жасқа (бұрын 18 жас болатын) толмағандарға сатуға болмайтынын қолдады. Сондай-ақ оларға темекі сатқандардың айыппұлы екі есе артты.

Қазақстан қалалары бойынша 2020 жылғы сәуір айының соңында фильтрі бар бір қорап темекінің бағасы 465 теңгені құрады. Бұл 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 2,7 пайызға көп.

Басқаларына қарағанда Семей қаласында сәуірде темекі бағасы айтарлықтай қымбаттады. Бұл қалада темекінің қорабы алты пайызға жоғарылап, 478 теңге болды. Павлодарда 454 теңгеге (2,7 пайыз) дейін және Таразда 471 теңгеге (2,4 пайыз) дейін қымбаттады.

Фильтрі бар темекенің жоғары бағалары Қостанайда (490 теңге), Ақтөбеде (488 теңге) және Нұр-Сұлтанда (485 теңге), ең төмен бағалары Петропавлда (439 теңге), Қызылордада (444 теңге) және Алматыда (447 теңге) тіркелді.

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕР ҰСТАЗ «МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

admin_mugalzhar

«Асыл мекен» жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

admin_mugalzhar

ТІРІҢДЕ СЕН БАУЫРЫМ ДЕП КЕТКЕНДЕР БҮГІНДЕ БАУЫР ЕТІҢ БАЛАҢДЫ ЖАТСЫНЫП ЖҮР…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.