«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Батыс Қазақстанда полицейлерге шабуыл жасалды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 мамырға қараған түні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бөрілі-Орал жолында Бөрілі ауылының маңында көлікті тоқтатуға тырысқан. Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірімен тіркелген «Киа Соренто» көлігінің жүргізушілері тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, Қанай ауылына қарай жүре берген.

Кейін көлік тоқтап, ішінен сегіз ер адам мас күйде шыққан. Тәртіп сақшыларының «орныңнан қозғалма» деген талабына көнбей оларға шабуыл жасаған. Алайда полицейлер күдіктілерді ұсталды.

Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 380-бабына 3-бөлігі («Билік өкілдеріне қатысты күш көрсеткені үшін») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұқсас ақпараттар

Билік Қордайдағы жанжалдан соң 25 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

admin_mugalzhar

Тоқаев жер туралы заңды шұғыл дайындауды тапсырды

admin_mugalzhar

Қазақстанда кедейлер саны өскен

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.