«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Атырау облысындағы дауыл салдарының фотосы жарияланды

Атырау облысы Құрманғазы ауданында 16 мамыр күні қатты жел соғып, жаңбыр жауды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК деректеріне сәйкес, секундына 9 метрге дейін жүйткіген желдің салдарынан үш ғимараттың шатыры ұшқан.

 Атырау облысында жел екі мектептің шатырын ұшырды

Құрманғазы ауданында солтүстік-батыстан соққан желдің салдарынан аудан орталығында орналасқан Әуезов атындағы орта мектептің шатыры қирады.

Сафон ауылындағы Энгельс атындағы орта мектептің де шатыры ұшқан. Шатырдың жалпы көлемі 1,3 мың шаршы метрді құраса, соның 150 шаршы метрі бұзылған. Сондай-ақ гараж бен қойманың шатыры қираған.

Бұдан бөлек Байда ауылында шекара заставасының территориясында жел қазандықтың (70 шаршы метр) және питомниктің шатырын (48 шаршы метр) қиратты. 

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұқсас ақпараттар

БІР БЕТТЕН АРТЫҚ АҚПАРАТТЫ ОҚУҒА ШЫДАМЫ ЖЕТПЕЙТІНДЕРГЕ

admin_mugalzhar

ОБСУЖДЕНО Послание Главы Государства

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЖАМАҒАТТЫ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.