«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One («Біз бірміз») әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексін жинады және солайша алтын сертификацияны алды.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.

«Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19 жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған», — деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

Ұқсас ақпараттар

ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚОЛДАЙДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar

ВРУЧИЛИ ГОСНАГРАДЫ К 30-ЛЕТИЮ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.