«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қосшы тұрғыны жоғалған ұлын 9 жылдан кейін тапты

Ақмолалық жоғалған жігітті полицейлер 9 жылдан кейін тапты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, Қосшы ауылының тұрғыны Гүлдариға Нұрбаева 16 жастағы ұлы Мұхтарды соңғы рет 2011 жылдың қазанында көрген. Сол кезде ұлының жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген.

Жасөспірім үйінен жиі кетіп қалады екен. Бірақ анасы 9 жыл күтемін деп ойламаған.

Анасының айтуынша, оның 16 жастағы ұлы 2011 жылдың 13 қыркүйегінде қолына телефонын алып кетіп қалған. Бұған дейін мұндай жағдайлар болған соң әйел өзі ұлын 10 күн іздейді. Кейін полицияға хабарласады. Полицейлер жасөспірімді елордалық базарлардың біреуінен тауып, отбасына қайтарған.

Бір айдан кейін жағдай қайталанған. 2011 жылдың 22 қазанында Гүлдариға Нұрбаева жұмыстан келсе, тұңғыш ұлы киімдерін жинап, үйден кетіп қалған. Алдымен өзі іздейді, табылмаған соң 10 қарашада полицияға жүгінеді.

Арнайы топ елорда және көршілес облыстардың территориясынан Мұхтарды іздейді. 9 жыл бойы іздеу тоқтатылмады. 2020 жылдың мамырында 25 жастағы жігіт Түркістан облысы Түлкібас ауданынан табылды.

Жігіт осы уақытқа дейін таныстарының үйінде болған. Бірақ анасымен көрісуден бас тартқан. Анасы Гүлдариға Нұрбаева қазір Нұр-Сұлтанда тұрады. Жоғалған ұлы аман-есен табылғанына қуанышты.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

ЖАРАПАЗАН АЙТЫЛЫП, ЖЫРДАН ШАШУ ШАШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобустар қайта іске қосылды

admin_mugalzhar

Әділет министрлігі: 2019 жылы саяси партия ретінде тіркелуге 7 ұйым өтініш берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.