«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде жүргізетіндер азаймай отыр

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе облысында 122 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік қозғалысының тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқаруын азайту және жол-қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 23 мамыр – 10 маусым аралығында облыс аумағында “Қауіпсіз жол” атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Ақтөбе облысы ПД-нің ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, жоспарланған іс-шараның барысында облыс автожолында Жол қозғалыс ережесі бойынша сегіз мыңға жуық құқық бұзушылық белгілі болды. Оның ішінде, 122 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғандығы анықталды.

– Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 1001 фактісі, қарсы бағытқа шығып құқық бұзудың 66 фактісі белгілі болды. Адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегендігі үшін 253 жүргізуші әкімшілік тәртіпте жазаланды. Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолында Жол қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 1133 әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғандығы бойынша 514 факті анықталды. Сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынан айырылған 34 жүргізуші анықталды, – деді Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы А.Саймағамбетов.

Ұқсас ақпараттар

Халықтың ақпаратқа уақытылы қол жеткізуі өте маңызды – министр

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Тәуелсіз ел тарихында Парламент Мәжілісінің сайлауы алты мәрте өткізілген

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.