«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздің екі облысында үсік жүреді

Синоптиктер 2022 жылдың 4 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанның батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қостанайдың оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласының орталығында, Алматының батысында, солтүстігінде, Абай облыстарының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының орталығында 1-3 градус аяз күтіледі.
Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соққан жел 2-7 м/с дейін жетіп, ауа температурасы түнде — 3-5°С, күндіз + 11+13°С.
Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Жел 2-7 м/с дейін жетіп, ауа температурасы түнде +4 + 6°С, күндіз + 18 + 20°С.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

admin_mugalzhar

Қазақстан Бас прокуратурасы Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ЭСТАФЕТА САЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar