Қазақстанда темекі қымбаттады

0
104

Қазақстанда темекі өнімдері орташа есеппен 12 пайызға өсіп, 484 теңгеге дейін қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Energyprom.kz мониторинг агенттігі темекі ең жоғары және ең төмен бағамен сатылатын қалаларды атады.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде 7,2 миллиард темекі, сигара, папирос және тағы басқа темекі өнімдері өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары екен. Жалпы Қазақстанда 84,7 миллиард теңгеге темекі өндірілген.

Ал 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 17,4 миллиард теңгеге темекі және тағы басқа темекі өнімдері шығарылған.

“Қазақстандық компаниялар 5 айда темекі мен папиросқа сұранысты (экспорт пен ішкі нарықтағы сатылым) 74,3 пайызға қамтамасыз етті. Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 32,6 пайыз еді. Импорттың үлесі 25,7 пайыз. Бір жыл ішінде импорт көлемі 5,4 есе азайды.

Экспортқа 15,1 пайыз ресурстардың үлесі тиді немесе 1,1 миллиард темекі және басқа темекі өнімдері. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,8 пайызға аз”, – делінген зерттеуде.

2020 жылдың шілдесінде Қазақстандағы сауда нүктелеріндегі темекінің бағасы бір қорап үшін 483,5 теңге болатын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, сарапшылардың зерттеуінше, елімізде ең қымбат темекі Ақтөбеде – 525 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға жоғары. Ал ең арзан темекіні алматылықтар сатып алады екен – 458 теңге.