«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ішек инфекциясынан сақтану керек

Брифинг

Инфекциялық аурухананың негізгі ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты инфекциялық бөлім уақытша жедел жәрдем ауруханасының терапевтік корпусына көшірілген. Кеше бір мезгілде бірнеше науқастың түсуіне байланысты келушілер кезек күтіп қалған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді, — деп жазды «Ақтөбе» газеті.

—   Қазір ішек инфекциясы көбейетін уақыт. Оны «лас қол инфекциясы» деп те айтамыз. Жыл сайын осы кезеңде ішек инфекциясымен орта есеппен күніге 4-5 науқас түседі. Кеше бір күнде инфекциялық бөлімге 7 бала түсті. Оның ешқайсысында да коронавирус белгісі жоқ, бұл вирусқа мүлде қатысы жоқ, бұл кәдуілгі маусымдық ішек инфекциясы. 2-3 адам шамамен 2-3 сағаттай дәлізде отырып кезек күтіп қалды, сондықтан олар осы жағдайды әлеуметтік желіге жариялап, келіспеушіліктер туындады. Ол ата-аналардың барлығымен сөйлестік. Палаталар да, кереует саны да жеткілікті, егер қажеттілік туындаса, қосымша палаталар ашылады. Дегенмен, жедел респираторлық аурумен ауыратын адамды ішек инфекциясын жұқтырған адаммен, не болмаса, жазылып шығайын деп отырған адамды ауруханаға жаңа түскен адаммен бірге бір палатада жатқыза алмаймыз, палаталарға дезинфекция жасап, тазалық жүргізгеннен кейін ғана келесі науқасты жатқызуға болады. Осындай жұмыстардың салдарынан келушілер күтіп қалғаны рас. Қазір бұл бөлімде 36 адам ем алып жатыр. Кеше түскен жеті науқас 5-15 жас аралығындағы балалар. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен балалар жоқ. Кавасаки синдромымен ауырған екі бала толық жазылып, үйлеріне шығарылды, жансақтау бөлімінде жатқан балалар жоқ. Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты, дегенмен, санитарлық шараларды қатаң сақтау қажет, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Ұқсас ақпараттар

Америкалық топ Абайдың әнін орындады

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.