«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТА ЗАҢ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ. МЕМЛЕКЕТ МӘРТЕБЕСІ

Өзін өркениетті деп санайтын әрбір елдің өз Конституциясы болады. Конституция қазіргі уақыттағы мемлекет үшін маңызды “ әрі қажетті нәрсе, өйткені онда, ең алдымен, мемлекет қызметінің түбегейлі принциптері мен бағыттары, нысандары мен әдістемелері бекітілсе керек. Конституция қоғам дамуының барша негізгі саласындағы мемлекетті реттеудің шектері мен мазмұнын, мемлекеттің адам және азаматпен қарымқатынасын орнықтырады. Ең бастысы, Конституция адамның етене құқықтары мен бостандықтарына жоғарғы заң күшін береді, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғайды. Сондықтан да Конституцияның мемлекеттің Ата Заңы деп аталуы тегін болмаса керек. Конституция халқымыздың еркін білдіретін елдің басты заңы ғана емес, сонымен бірге Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудағы елеулі ілгерілеуді, сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастыққа және олармен адал қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда еліміздің бас өкілетті органы — Жоғарғы Кеңеспен қабылданды. 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан құралған. Негізгі заң Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, еліміздің демократиялық, парламенттік республика екенін айшықтады. Қазіргі Конституция 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның тарихына еніп, мемлекеттік мерекеге айналды. 1995 жылдан бастап Қазақстан азаматтары жыл сайын 30 тамызда Қазақстан Конституциясы күнін атап өтеді.

Конституциялық реформалар

2017 жылы сол кездегі Қазақстан президентіНұрсұлтанНазарбаев конституциялық реформа туралы жария етті. Елбасы өз өкілеттігінің біраз бөлігін Үкімет пен Парламентке өткізетін болды. Президенттің 2017 жылдың 11 қаңтарындағы №140 жарлығымен мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде ұсыныс енгізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Құрамына депутаттық корпус және мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, құқықтанушылар және басқалары кірген бұл топ «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындап шығарды.

ҚР Конституциясы туралы қызықты деректер

Қазіргі Конституцияны жасамас бұрын Қазақстан Президенті әлемнің әртүрлі елдерінің жиырмаға жуық басты заңдарын зерттеді. Қазақстан Конституциясы көбінесе Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік билікті құру саласындағы тәжірибесін қабылдады, ал кейбір тармақтар француз заңының ережелеріне ұқсас. Мысалы, заңды бақылауды жүзеге асыратын Конституциялық Кеңес тек Қазақстанда және Францияда ғана бар. 1995 жылы Конституция жобасын талқылауға үш милионнан астам Қазақстан азаматы жұмылдырылды. Ата заң мәтінінің орысша нұсқасына (7 168 сөз) қарағанда қазақ тіліндегі нұсқасында (8 904) сөз көп. Оның ішінде Республика сөзі 260 рет (орысшасында 305), Қазақстан сөзі 111 рет, Парламент сөзі 82 рет кездеседі. Конституциядағы ең көп баб қарастырылған бөлім — «Парламент» (61 бап), онда Парламенттің жұмысын, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қағидаттар сипатталған. Ал ең аз бапты «Адам және азамат» (39 бап), онда азаматтардың елдің мәдени мұрасын сақтау міндеттері сипатталған.

Конституция тарихынан 8 дерек

1. Қазақ хандығы тұсында алғашқы заңдардың жинақтары қабылданған Қазақ хандығының тарихында далалық заңдардың жинақтары үш рет әзірленген. XVI ғасырдың басында, Қасым хан тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» қабылданған. Есім хан осы заңды негізге ала отырып, толықтырулар енгізіп, «Есім ханның ескі жолы» деп аталған құжатты бекіткен. Ал Тәуке хан «Жетіжарғы» заңдар жинағының пайда болуына зор үлес қосқан. 2. Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның өз КонКонституция тарихынан 8 дерек ституциясы болмаған. Патшалық Ресейде де негізгі заң жоқ еді. Мемлекет Ресей империясының заңдар жинағының және патша үкіметі қабылдаған акт-реформалардың (басыбайлылық құқықты жою, сот реформалары, т.б.) негізінде өз жұмысын жүзеге асырған. 3. 1911 жылы алқашқы қазақ конституциясының жобасы әзірленді. 1911 жылы көрнекті қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов «Қазақ елінің уставы» деп аталған құжаттың жобасын әзірледі. «Қазақ елінің уставы» құжатының негізгі идеясы — дербес ұлттық егемен мемлекетті қалыптастыру. Бұл Конституцияның қабылданбағаны айтпаса да белгілі. 4. «Алаш» партиясының бағдарламасына кейбір конституциялық міндеттемелер енді. 1917 жылғы 21 қарашада «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының бағдарламасын жарыққа шығарды. Құжаттың құрылымы өз заманындағы көптеген еуропалық мемлекеттердің конституцияларына сәйкес келді. Жаңа құжатта озық идеялар көрініс тапты: Ресейдің федерациялық құрылымы, ұлттық автономиялардың құрылуы, мемлекет билігінің үш тармаққа бөліну принципі, сайлаудың жалпыхалықтық сипаты, т.б. 5. Советтік Қазақстанның тұңғыш Конституциясы бекітілмеген. 1924 жылы Қазақ АСКР-ның (Қазақ Автономиялы Социалистік Совет Республикасының) Конституциясының жобасы жергілікті деңгейде қабылданып, 1926 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетіне бекіту үшін жіберілген. БОАК-інде құжат қарастырылмаған, бірақ автономиялы республиканың барлық органдары бұл конституцияны басшылыққа алып отырды. 6. ССРО кезінде Қазақстанда екі Конституция қабылданды. Бірінші Конституция 1937 жылғы 20 наурызда қабылданды. Бұл құжат бойынша Совет Одағының құрамында Қазақ ССР құрылды. Екінші Конституция 1978 жылдың 20 сәуірінде бекітілді. Болашақта ол 1993 жылғы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының жобасын әзірлеуге негіз болды. 7. Бір жыл бойы Тәуелсіз Қазақстанда өз конституциясы болмаған. 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды. Бұл уақытта 1978 жылғы Конституцияның нормаларының және басқа заңнамалық актілердің заңдық күші жойылмаған. Алайда Конституциялық Заң мемлекеттің егемендігі жариялануға байланысты ел өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістерді бекітті. Бұл Заңның нормалары Қазақ ССР-ның негізгі заңындағы нормалардан жоғары тұрды. Сондықтан да көптеген құқықтанушылар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңын Қазақстанның «мерзімдік конституциясы» деп атайды. 8. Қазіргі Конституцияға толықтырулар үш рет енгізілді. ҚР қазіргі Конституциясына толықтыруларды енгізу үшін тиісті заңдар 1998 жылғы 7 қазанда, 2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда қабылданды.

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Тәуке хан (1678 — 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдепғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жолжобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғыны» жасауға атсалысқан данагөй Төле би қайтыс боларында айтқан аманаты: -Аттың құнын, ердің құнын, әйелдің құнын өз ақылымызша шешкен жөн. Малға салсаң баспайтын, ұрсаң шаппайтын жабы бар да, қусаң жететін, қашсаң құтқаратын желден жүйрік тұлпар бар, екі адамның басы қосылса өсек айтатын әйел бар да, бір елге ана, пана болатын әйел бар. Шешім айтқанда осылардың ара-жігін ашып, екшеп барып, құн кесулеріңді өтінем.

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ КОНСТИТУЦИЯ

1787 жылы 17 қыркүйекте — Филодельфияда әлемдегі тұңғышАмерикаҚұрамаШтаттары Конституциясы қабылданды. Конституцияда 21 бөлімнен тұратын 7 бап бар, қосымша 27 түзету енгізілген. КСРО тарағаннан кейін посткеңестік кеңістікте пайда болған мемлекеттер: Өзбекстан 1991 жылы, Түркіменстан 1992 жылы, ҚырғызстанжәнеРесей Федерациясы 1993 жылы, Беларусь, Молдова және Тәжікстан 1994, Әзірбайжан, Армения және Грузия 1995 жылы, ал Украина 1996 жылы өздерінің конституцияларын қабылдады.

Дайындаған Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Жем мен Сағыз арналары суға толды

admin_mugalzhar

170 БАЛА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМ АЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.