«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Жоғарғы Сот елдегі мереке күндерінің тізімін судьялар және сот жүйесі күнімен толықтыруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, Қазақстанда сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот билігінің негізгі міндеті — қоғамдық және мемлекеттік өмірде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, заңдылықты бұзып, заңды бұзғандарды жазалау.
Осыған байланысты, мереке күнін судьяларға, сот жүйесі қызметкерлеріне Конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін құрмет ретінде белгілеу ұсынылады», — делінген жобада. Судья мен сот жүйесі күнін 5 маусымды атап өту ұсынылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда екі жаңа мерекені енгізу ұсынылған еді. Олар: 1 қазан – радио күні, маусымның екінші жексенбісі – малшылар күні.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙСАР ЖАНДАР СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

Премьер-министр кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты

admin_mugalzhar

Порядка 60 миллионов американцев проголосовали досрочно на выборах президента

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.