«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту: Басқа қызметкерлердің жалақысы қаншаға өседі

Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту арқылы, төменгі деңгейдегі қызметкерлердің жалақысы өсетін болады. Бұл туралы экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр онлайн баспасөз маслихатында мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту нәтижесінде, басқалардың жалақысы тағы 15 пайызға өсетінін айтты. Төменгі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жыл сайын өсіп отыратыны белгілі болды.

«Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту керек болады. Нәтижесінде төменгі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады. Былтыр бұл көрсеткіш 25 пайызға өскен болса. Штатты қысқартқаннан кейін ең аз дегенде тағы 15 пайызға өседі деп жоспарлап отырмыз», — деп түсіндірді Дәленов. 

Мемлекет басшысы шенеуніктердің санын 25%-ға қысқартуға бұйрық берді. Бұған қоса ол қалған шенеуніктердің жалақысы артатынын жеткізді. 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда сәуір айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

Қазақстанда салық саны азаяды

admin_mugalzhar

Мамырдағы мерекелер: облыста 209 шара өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.