Қазақстандықтардың қай елдерге бара алатыны белгілі болды

0
90

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығу мүмкіндіктері және шет елдердің тарапынан қойылған шектеулер туралы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгінгі таңда қазақстандықтар 11 елге бара алады. Мысалы, ПТР-тест қажет пе, қандай да бір елге келген соң карантинге жатқызылу міндет пе, өзімен бірге қандай құжат болуы қажет, виза қажет пе, жоқ па, сондай-ақ басқа да талаптар. Бұл ақпарат жаңартылып отырады, сондықтан сапарларыңызды жоспарлау кезінде шет мемлекеттердің талаптарын мұқият зерделеуді сұраймыз”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.

11 елдің қатарына Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Египет, Нидерланды, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Түрікия кіреді.