«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«БАСТАУ БИЗНЕС»: БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

«БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫНА ОҚЫТУ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ. АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ОСЫ ЖЫЛЫ АТАЛҒАН ЖОБА АЯСЫНДА 624 МҰҒАЛЖАРЛЫҚТЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҮЙРЕТІП, ӨЗ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУГЕ МАШЫҚТАТУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР.

Мансап орталығының сектор меңгерушісі Венера Урумбаеваның айтуынша, оқуды сәтті аяқтаған жоба қатысушы аяқталғаны туралы сертификат алып, өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алуға және 2,5%-бен «Ауыл аманаты» жобасына үміткер бола алатынын жеткізді.

«Бастау-Бизнес» жобасына қатысамын деушілерге бірнеше талап қойылады. Айталық, қатысушы жұмыссыз болып тіркелуі қажет. Сонымен бірге ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтіндер, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер қатыса алады. Мәртебесін тексеру сәтінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмағаны да ескеріледі, — деді Венера Урусбаева.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Елдің татулығы мен бірлігі – мемлекеттің ең үлкен байлығы

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты

admin_mugalzhar

1 cәуірден бастап Атырау стансасында баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.