«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміне ән орындады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чан түскен жаңа фильмнің саундтрегін орындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Димаш Instagram-дағы парақшасында 30 қыркүйекте Джеки Чанның «Авангард» фильмі прокатқа шығатынын хабарлады. Қазақстандық орындаушы онда басты әнді шырқаған. Премьерасы Сингапурда өтеді. Басты рөлдерде Джеки Чанның өзі, сонымен қатар Ян Ян, Ай Лунь, Мия Муци, Чжу Чжэнтин, Ван Чжэньвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин и Кайл Пол сынды актерлер ойнайды. Картинаның режиссері — Стенли Тун.

Картина сюжеті бойынша, Ұлыбританияда «Арктикалық қасқырлар» атты жалдамалы адамдар тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап әкетеді. Кепілдегі адамдарды құтқара алатындар — «Авангард» халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың барлық жаңалықтарын қолдана отырып жасалған құралдармен қаруланған. Команда басқалардың қолынан келмейтін тапсырманы алады. Топ мүшелерінің шеберлігі мен батылдығына тең келетін адам жоқ.

Ұқсас ақпараттар

Еліміздің мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІН АУДАНҒА ШАҚЫРДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.