“АБАЙЛАҢЫЗ, ПОЙЫЗ” ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

0
129

Қандыағаш ст.ЖПБ-нің барлық қызмет атқару аймағында ағымдағы жылдың 22-24 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз, пойыз!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларынсыз жүруін анықтау, соңдай-ақ балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу болып табылады. Аталған бағытта Қандыағаш ст.ЖПБ-нің қызметкерлері темір жол мекемелерінің өкілдерімен бірлесе отырып, жалпы білім беру орталықтарының оқушыларымен профилактикалық сұхбаттар өткізілуде. Профилактикалық сұхбат жүргізу барысында темір жол объектілерінде қауіпсіздік шараларын сақтау мен қырағылықты көтеру және сұхбаттың қорытындысында барлық оқушыларды теріс қылық іс-әрекеттерді жасамауға шақыру жұмыстары жүргізілуде.