«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

Оқушылардың бойындағы әскери патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында «Жас сарбаз» патриоттық класының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудандық білім бөлімінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Медет Шарипов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мақсат Рятов, ардагерлер, ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты. Мектеп оқушылар түрлі қоян-қолтық ұрыстар, әскери жаттығулар көрсетіп, патриоттық әндер шырқап, қонақтарды шабыттандыра түсті.

Сондай-ақ ант қабылдау рәсімі орын алды. Шара соныңда мектеп директоры Данагүл Ибрашева мен Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мақсат Рятов меморандумға қол қойды. Сонымен қатар дәл осы күні осы білім ордасында ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету кабинеті ашылды. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамытуды көздейтін кабинеттің ашылуында құттықтау сөздер айтылып, жылы лебіздер білдіріліп, мектеп мұғалімдері ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

2021 жылғы мемлекеттік грант тізімі жарияланды

admin_mugalzhar

СКАЖЕМ НЕТ ПОДРОСТКОВОЙ ПРЕСТУПНОСТИ

admin_mugalzhar

АТА ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.