«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР ЖАСТАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

«Мұғалжар» жастарға бірнеше сауал жолдады:

1.Өмірге деген көзқарасыңыз қандай? Сізді не қызықтырады?

2.Отбасы құндылы туралы не айтасыз? Демалысыңызды қалай өткізесіз?

3.Сенімді серікке айналған смартфон мен шырмауы шимай ғаламторға тәуелді жансыз ба?

4.Бар әлемді бір болуға үйреткен індет Сізге не үйретті? Карантин режимін қалай сақтадыңыз?

5.Өмірлік мақсатыңыз қандай? Бұл сұрақтардың жауабы төмендегідей…

Әсемгүл ҚАУЫМБАЕВА, Жастар ресурстық орталығының маманы

1. Әрбір қыз баласының өмірдегі басты мақсаттарының бірі — отбасын құрып, бала сүйіп, аяулы ана болу. Бүгінде бұл мақсатыморындалып, екі баланың анасы атандым. Балаларымның болашағы үшін жұмыс жасап, оларға саналы біліммен тәлім-тәрбие беру жолында еңбек етіп келемін. Сонымен қатар, мені жастармен жұмыс жасау да қатты қызықтырады. Жастарға арналған түрлі тренингтер өткізіп, оларға бағыт-бағдар беріп, мотиватор, тренер ретінде жаңа бастамаларға жұмыс жасап жүрмін. Бос уақытымда кітап оқып, сурет саламын. Жанды жадыратар әдемі әндерді айтқанды ұнатамын. Ұлы Абай айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» деп, бұл өмірде өз орнымды тауып, жан-жағыммен қоғамға пайдасын тигізетін адам болғым келеді. Қайырымдылық жасау жаныма жылу сыйлайды.

2. Мүмкіндік болып жатса, отбасыммен жиі бас қосып тұруға тырысамын. Өз ата-анам Хромтау қаласында тұрғандықтан, ол кісілерге еңбекдемалысы кезінде барамын. Алайда, өз отбасымаміндетті түрде уақыт тауып, олармен бірге болу үшін бар ықыласымды бөлемен. Жұмыстан қолым босаған кезде үй шаруасымен айналысқанды ұнатамын. Отбасыма жылу сыйлап, балаларымды қуантып, түрлі тәтті тағамдар дайындап, шаңыраққа шаттық орнатуды өзімнің басты парызымдеп білемін. Достарымызбен табиғат аясында демалған ұнайды. Саябақта серуендеп немесе ашық табиғат аясында дастархан жайып, әнгіме айтып, мереке сайын достармен бас қосып тұрудың еш әбестігі жоқ деп есептеймін.

3. Техникаға тәуелді дамыған заманды интернетсіз елестетумүмкін емес. Қолымыздағы смартфонымыз жарты сағатқа жасамай қалса, өзімізді айдалада қалған адамдай сезінетін күнгежеттік. Бүгінде әлемде болып жатқан барлық жаңалықты осы алақандай ғана «жәшікшеден» табатын болдық. Ғаламды жайлаған ғаламтор мен өзінен неше түрлі зиянды заттар бөлетін қалта телефонының пайдасымен қатар, зиянын естіп те, көріп те жүрміз. Сақтықпен қолданған дұрыс деп есептеймін. Жұмысымыз бен дамыған заманды желеу етіп, таңның атысы, күннің батысы смартфонға үңіліп, уақыт өткізудіжөн көрмеймін. Мүмкіндігінше, балаларымды да шектеп, олардың денсаулығына зияны болмас үшін тыйым саламын.

4. Әлемді шарпыған ата жаман індет кезінде жарияланған карантин көп адамға ой салды. Адамдар қайғысыз ішкен қара судың бал татитынын түсінгендей болды. Көп адам ойланды. Карантиндік шектеулерді сақтай отырып, жұмыс жоспарыма сәйкес жастарменжүйеліжұмыстар атқардым. Волонтерлардың көмегімен тегін маскалар тігіліп, оларды халық көп шоғырланған орындарда тегін 2.Отбасы құндылы туралы не айтасыз? Демалысыңызды қалай өткізесіз? 3.Сенімді серікке айналған смартфон мен шырмауы шимай ғаламторға тәуелді жансыз ба? 4.Бар әлемді бір болуға үйреткен індет Сізге не үйретті? Карантин режимін қалай сақтадыңыз? 5.Өмірлік мақсатыңыз қандай? Бұл сұрақтардың жауабы төмендегідей… тараттық. Түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Карантин өз басыма бірге болуды, жан-жағымыздағы адамдарға жанашыр болуды, жалпы адамөмірінің қаншалықты құнды екенін үйретті.

5. Алға қойған мақсатым — бүгінде өзім оқып жатқан жоғарғы оқу орнын тәмамдап, дипломымды қолыма алу. Еңбек жолымда белді де, білікті маман атану. Екі балапаныма жақсы тәрбие беріп, оларды осы қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп өсіру.

Назерке ТЕГИСОВА, Жұмыспен қамту орталығының маманы:

1. Менің өмірімде отбасымның алатын орны ерекше. Үнемі олармен тығыз қарым-қатынаста болып, қызықты күндерімді ең жақын жандармен өткіземін. Үнемі ата-анамның амандығы мен ұлымның жарқын болашағын тілеп жүремін. Бүгінде жасап жатқан жұмысымның жемісін көруді ойлаймын. Ұлыма көп уақытымды бөліп, оған аналық махаббатымды сыйлап, оны жақсы азамат етіп өсіру үшін бар күш-жігерімді салғым келеді. Сондай-ақ, жұмыстан қолым босаған уақытта кітап оқып, өзімді рухани жағынан байытамын. Тоқыма тоқып, пайдалы іспен айналысқанды жақсы көремін. Адам баласы өмірдің әр сәтінен ләззат алуы керек деп есептеймін. Әр атқан таңымыз үшін шүкіршілік жасаймын. Отбасыммен бірге таңғы ас ішіп, әдемі әңгімелер айтып, әр күнімізді бақытты етуге тырысамын.

2. Мен ата-анаммен бірге тұрамын. Ұлымда қасымда. Біз үнемі біргеміз. Мерекелік күндермен туған күн кештерінде әрдайым дастархан жайып, бірге атап өтеміз. Қолым сәл бос болса, ұлыммен өткіземін. Сонымен қатар, достарыммен жиі бас қосып, көңілді кештерде бірге боламыз. Таза ауада серуендеп, табиғат аясына демалысқа шығамыз. Тарихи маңызы бар жерлерге барып, құнды тарихпен танысқанды жаным сүйеді.

3. Мен қолынан смартфоны түспейтін, интернет желілерінен бас алмайтын адамдар қатарынан емеспін. Уақытымды ғаламтордағы шырмалған бос ақпарат үшін текке өткізгімкелмейді. Баламның да денсаулығы үшін ұялы телефонды көп ұстатпаймын. Бүгіндемектептерде сабақтарымыз онлайн форматында өтіп жатқандықтан, сабақ үшін пайдаланамыз.

4. Карантиндік шектеулерді қатаң сақтадым. Жаз айларында орын алған індеттің ізі әлі есімізден шыға қоймады. Қорқынышты болды. Әлі дежан-жағымыз бен отбасымыздың амандығын тілеуменжүрміз. Бұл аты жаман аурумені үлкенжауапкершілік пен тәртіпке үйретті. Жақындарымүшінжауапты екенімді түсіндім.

5. Алға қойғанмақсатым — балама жақсы тәрбие беріп, жақсы ана болу.

Арай СЕЙТІМОВА, Қ.Жұбанов атындағы ЖББОМ-нің тәлімгері:

1. Өмірдегі орын алып жатқан оқиғаның барлығы мен үшін маңызды. Өмірдің әр сәтінен қуаныш көруге, бақыт сезінуге тырысамын. Ең бастысы өмірде адаспай, атаанамыз берген тәлім-тәрбиесі мен білімін тоғыстырып, өз орынымды тапқым келеді. Бүгінде мектепте тәлімгерлік қызмет атқарып жүрмін. Алайда, мені бизнес идеялар қатты қызықтырады. Болашақта түрлі жобалармен жұмыс жасап, өзімді дамытқым келеді. Сонымен қатар кітап оқып, жан-дүниемді рухани байытып, тарихи кинолар қараймын. Оқыған жаңалықтарым мен естіген қызықты оқиғаларымды достарыммен бөлісіп, пікіралмасқанды жақсы көремін. Достарыммен қыдырып, отбасыма көп уақыт бөлемін. Сүйікті хоббиім — ән айту. Ән айтқанды бала кезімнен жақсы көремін. Үш жасымнан бастап өнер көрсетіп келемін. 2. Мен отбасыммен бірге тұрамын. Көп уақытымызды бірге өткіземіз. Ата-анаммен, бауырларыммен мерекелік кештер мен туған күндерді көңілді күйде өткіземіз. Осы күніме шүкіршілік етемін.

3. Ғаламтор желісі менің өмірімде ең үлкен орын алады. Себебі, өмірімді смартфонсыз елестете алмаймын. Қазіргі таңда ғаламторда адамға керекті ақпараттың барлығы бар. Өзіңе керектінің бәрін табуға болады. Тіпті интернет желісі арқылы қаншама қаржы тауып отырғандарды да көріп жүрміз. Сондықтан, бұндай мүмкіндікті пайдаланғанды жөн көремін. Әрине, зияны жоқ деп те айта алмаймын.

4. Карантиндік шектеулерді талапқа сай сақтадым. Үнемі бетперде киіп, антисептикті қолданып жүремін. Денсаулығымды нығайтып, иммунитетімді көтеру үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанумен қатар түрлі дәрумендер қабылдадым. «Саулық — сақтықта» деп бекерден бекер айтылмаса керек. Әлі де сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Бәрімізді әбігерге салған бұл індет отбасыммен бірге болуды, денсаулықты күтуді үйретті.

5. Өз-өзімді дамытып, бизнес жоспарларын құрып, алдағы уақытта өзімнің жеке бизнесімді ашсам деген мақсатым бар. Мемлекет тарапынан жастарға беріліп жатқан мол мүмкіндіктерді пайдаланғым келеді. Қазіргі жастардың өмірге деген түсінігі көзқарасы әр түрлі. Еркіндікті жақсы көреміз.

Дәурен ҚОҢРАТБАЙ, жас маман:

1. Мені көп нәрсе қызықтырады. Әрбір атқан таңды көріп, ең бақытты күнім туды деп қабылдаймын. Адамға өмір бір мәрте беріледі емес пе?! Сондықтан, өмірімнің әрбір сәтін бағалап, мәнді демағыналы етіп өткізуге тырысамын. «Адамбоп келіп өмірге, адам болып өту арманым» демекші, ең бастысы адами қасиеттерімді сақтап, әлсіз бенмұқтажға пайдамды тигізіп, үлкенге құрмет көрсетіп, жасы кішілерге үлгі болғым келеді. Өзімді жан-жақты дамыту үшін үнемі адамның жан-дүниесіне пайдалы, өмірге деген құштарлықты оятатын психологиялық кітаптарды көп оқимын.

2. Отбасы — әр адамның өміріндемаңызды рөлатқарады. Ата-анаңмен бауырларыңның арасында тыныш заманда ғұмыр кешіп, қуанышты сәттердің куәсі болып жүргенге не жетсін! Сонымен қатар, достарыммен көңілді кештерде бас қосамын. Астарлы әзілдері бар сатиралық бағдарламаларды тамашалағанды жанымсүйеді. Ата-анама шаруашылыққа көмектесемін.

3. Әлеуметтікжелі тек қанажастарды емес, барлық адамды байлап қойды десем артық айтпаған шығармын. Себебі, күнбе-күн туысқандарымызбен хабар алысып, амандығын біліп отырамыз. Тіптіжұмысымыздың да көп бөлігін осы смартфонмен бітіріп жатамыз. Интернет желісінен пайдалы ақпараттар алып, білімімді жетілдіремін. Заман талабынан қалмай, кез келгенмәліметті өзіме пайдалы жағынажаратуды жөн көремін.

4. Барша адамды алаңдатқан коронавирус инфекциясы бәрімізді әбігерге салғаны жасырын емес. «Тәртіпке бас иген — құл болмайды» деп Бауыржан атамыз айтқандай, тәртіпке бағынып, карантин режимін қатаң сақтап, өз өмірімүшінжауапты болуға барынша тырыстым. Карантин — жандарыма жанашырлық танытып, үнемі сақтаныпжүруді үйретті. Сондай-ақ, өзімніңемес, өзгеніңдеөмірінежауаптыекенімді түсіндім.

5. Мен көп нәрсені армандаймын. Армандаудың өзі ғажайып дүние. Ер азамат бірінші елінің тыныштығы мен іргесінің бүтіндігін ойлайды. Отбасының амандығын тілейді. Басты мақсаттарымның бірі «Жастар тәжрибесі» бағдарламасын аяқтап, арман қуып Алматы қаласына барып, мамандығым бойынша одан әрі оқуымды жалғастырып, өзімді үлкен мегаполисте сынап көргім келеді.

Жазып алған Әміржан ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 26 инвестициялық жоба іске қосылады

admin_mugalzhar

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

«Қадірәлі ата» мешітінде құран оқудан жарысы өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.