ІІМ басшысы карантин ережелерін ең көп бұзған өңірлерді атады

0
80

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда карантин ережелерін бұзу саны бойынша көш бастап тұрған облыстарды атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“28 мыңнан астам карантин ережелерін бұзу жағдайлары анықталды. Оның ішінде 4 600-ден астамы сауда орталықтары, дүкендер, базарлар, 1 700-і-мейрамханалар, кафелер және басқа да демалыс орындары. Олардың ең көп саны Қостанай облысына – 5 мыңнан аса, Батыс Қазақстан облысына – 2,5 мыңнан аса, Түркістан облысына – 3 мыңнан аса, Шығыс Қазақстан облысына – 2 мыңнан аса, сондай-ақ Алматыға – 3 800 тиесілі”, – деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

ІІМ басшысы барлық анықталған жағдай бойынша денсаулық сақтау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылатынын айтты.