«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырған, оның 33-і кезекші сыныптарға барған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 33 жағдай, 550 байланыста болғандар арасында анықталды. Қашықтан оқитын балалар арасында 71 жағдай анықталды,», — деді Цой Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр офлайн режимде 100 пайыз білім алған жағдайда байланыста болғандар саны кем дегенде 1500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мектеп қызметкерлері және отбасы мүшелері арасында науқастар саны өсуіне әкелетінін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

АЛТЫНДЫДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛМАҚ

admin_mugalzhar

«ЖЫР» БОЛҒАН ЖОЛ: ҚОСЫМША ҚАРЖЫ СҰРАЛУДА

admin_mugalzhar

Дәуренбек МӘМБЕТАЛИЕВ, Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті, дәстүрлі әнші: КӨПТІҢ АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗСЕМ ДЕЙМІН…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.