«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Есболат ҚҰРМАНОВ: ФОТОСТУДИЯ АШУ — БАЛА КЕЗГІ АРМАНЫМ

Есболат Құрманов — Қандыағаш қаласының тұрғыны. Бала кезгі арманының шындыққа айналғанына дән риза бүгінгі кейіпкер, бұл дәрежеге қалай жеткені туралы ақтарылып айтып берді.

Үлкен арманын шағын кәсіпке айналдырған кәсіпкер — 2 топ мүгедегі. «Enter+» фотостудиясының негізін 20 жыл бұрын қалап, өзін жаңа істе байқап көруге бел байлайды. Отбасының қамы мен денсаулығының кедергісіне қарамастан, кәсібін дөңгелетіп жүрген ағамыздың жұмысына деген қызығушылығының арқасында, кәсібі алға басып, маман ретінде қалыптасуына үлкен сеп болды.

— Өзім бұл саланы бұрыннан армандадым ғой. Бала кезімнен қойған мақсатымның орындалғанына әлі де сенер емеспін. Бала-шағамды оқытып жүріп, 4 жыл бойы жалға беретін орындармен жұмыс жасадым. Себебі жеке жер алуға мүмкіндік болмады. Қазір бәрі басқаша, сүйікті ісім, жеке жұмыс орным бар. Осы күнге жетуіме қос қызымның да еңбектері зор. Денсулығыма байланысты екі жұмысшы алдым. Бұл кәсіптің атаданбалаға берілетін мирас болып дами беруін қалаймын. Шаңырақтағы келінімді де бұл саланың қыр-сырымен таныстырып келемін», — дейді кәсіпкер.

Жақындарын қуантқысы келетін әрбір жанға бұл студия таптырмас жер. Түрлі мерекелік ісшаралардың сәнін келтіретін безендірулер мен тосын сыйдың таңдаулылары да осы жерде. Көне суреттерді жаңалау сынды заманауи техниканы қолдануда да аса шеберлік танытады. Жеке кәсіпкер тек еңбектенуге шақырады. Ниет түзу, мақсат айқын болса, бәріне жетуге болатынына сенімді.

А.АЛТЫБАЕВА.

Ұқсас ақпараттар

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

admin_mugalzhar

Қысқы Олимпиадаға алғаш қатысатын ел

admin_mugalzhar

«Теңіз» мұнай кенішінен Ақтөбеге бір топ жұмысшы келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.