МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУДЕ

0
207

Соңғы жылдары ауданда төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді.
Құмсай ауылының тұрғыны Қайрат Даркулов мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін ұлғайтып отыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында “Қайыңдыбұлақ” шаруа қожалығы төмен пайызбен 125 млн.теңге несие рəсімдеп Ресей Федерациясы Башкириядан 192 бас асыл тұқымды ақбас ірі қара малдарын сатып алып, бүгінгі таңда ет бағытындағы ірі қара мал басын көбейтуде.
Мал баққан соң, асыл тұқымдысын өсірген тиімді екенін білген “Қайыңдыбұлақ” шаруа қожалығының басшысы Қайрат Даркулов алдағы уақытта 180 млн.теңгеге 277 бас əкелуді жоспарлауда. Біріншіден, малы – асыл тұқымды. Екіншіден, мемлекеттен берілетін көмек бар.