«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МОНИТОРИНГТІК ТОП БАҚЫЛАУҒА ШЫҚТЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ БІРҚАТАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕГІ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ЖҰМЫСТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ.

Алдымен бақылаушылар Жұрын ауылында болып, жасалып жатқан жолдардың сапасын тексерді. Ауылдағы Желтоқсан және С.Батпенов көшесінің жолдарын жөндеуді қолға алған мердігер, «ГОАР» ЖШС-нің директоры Окоп Борянның мәліметінше, жұмыс қараша айының басында аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, мониторингтік топ Ақкемер ауылдық округіне қарасты Елек ауылындағы мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынған су құбырының құрылыс жұмысымен танысты. Бұл жұмыстар да қараша айында аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек партияның Мұғалжар аудандық филиалының Саяси кеңес және партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Қандыағаш қаласында орналасқан бірнеше дүкендерде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында халықтың ең көп тұтынатын негізгі азық-түлік түрлерінің көлемі туралы мағлұмат алынды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жазғы мектеп енді міндетті болмайды

admin_mugalzhar

Коронавирус тағы 57 адамның өмірін жалмады

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі қызметіне бекітілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.