«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕҢІМПАЗ ӘКІМ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ «ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН. АТАЛМЫШ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ, ТАЛДЫСАЙ АУЫЛДЫҚОКРУГІНІҢӘКІМІ ҚАЗБЕК АҚҚАЙЫРЖҮЛДЕЛІ 2-ШІ ОРЫН АЛДЫ. КЕШЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ МЕЙРАМГҮЛ БИБИТОВА АУДАНЫМЫЗҒА АРНАЙЫ КЕЛІП, ЖЕҢІМПАЗДЫ МАРАПАТТАДЫ.

Ағымдағы жылдың мамыр айында тұңғыш рет республика көлемінде ұйымдастырылған ауылдық округтегі әкімдердің байқауы 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі өңірлік деңгейде өткен болса, екіншісі республикалық деңгейде өтті. Байқау — жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтауға бағытталған. Байқау нәтижесінде ауыл әкімдерінің арасында өңірлік деңгейде Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр жеңімпаз атанған еді. Байқау шарты бойынша жеңімпаз атанған ауыл әкімі өз жоба-жұмысын республикалық деңгейде қорғайды. Осылайша өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобасын сәтті қорғап шыққан талдысайлық әкім байқаудың республикалық деңгейінде 2 орын иеленді. Өңірдің абыройын үлкен жауапкершілікпен қорғап шыққан Қазбек Төлеуханұлы облысымыздың мақтанышына айналды. Республикалықконкурстың жүлдегері атанған мұғалжарлық әкім ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың грамотасымен марапатталды.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды

admin_mugalzhar

Еліміздің барлық әуежайында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде

admin_mugalzhar

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ШУ: 452 180 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar