«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мұғалжар аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы жанынан құрылған Мобильді қабылдау (рекрут) пункті Қандыағаш қаласындағы «Белес» жəне «Светофор» сауда орталықтарында тұрғындарды қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Қабылдау барысында орталық мамандары А.Тулешова және М. Ұзақбаева тұрғындарға «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардағы бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтудың өзге де белсенді шаралары туралы мəліметтер берді.

Мақсаты — жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған, сонымен қатар аз қамтылған азаматтарды«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасына қатыстыру арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру, сонымен қатар қала тұрғындарына мемлекеттен көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері жөнінде хабардар ету болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

Италия 53 жылдан соң футболдан Еуропа чемпионы атанды

admin_mugalzhar

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.