«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өзбекстанда жаяу жүретіндерге айына 100 доллардан беріледі

Өзбекстанда жаяу жүретіндерге 100 долларға дейін төлемақы беріледі. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, — деп хабарлайды парламенттік «Халық сөзі» газеті.

«18 жастан асқан адамдар күндізгі уақытта он мың немесе одан да көп қадам жасаса, электрондық әмиянына үш мың сом (0,3 доллар шамасында) салынады», — деп жазылған басылымда.

Ай сайын қала тұрғындары арасында ең көп жүретіндерге шамамен 30 доллар, ал облыс тұрғындарына 50 доллардан төленеді. Елдегі үздіктер, шамамен, 100 доллар алады.

Жаяу жүру нәтижелерін есептейтін арнайы сайт жасалады. Денсаулыққа зиян өнімдер өндірушілері үшін арнайы алым енгізіліп, тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін сыйақы осы қаражат есебінен төленеді. Мұндай тауарлардың тізімі жазылмаған.

Ұқсас ақпараттар

Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді. 2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді

admin_mugalzhar

30 ЖЫЛДЫҚҚА — 30 ИГІ ІС

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ АНА ҮШЕМДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

admin_mugalzhar