«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ АНА ҮШЕМДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

Ақтөбе қаласындағы ауруханалардың бірінің перзентхана бөлімінде 30 жастағы Қандыағаш қаласының тұрғыны Әйгерім Демесинова үшемді дүниеге әкелді. 4 қазан күні жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің үшеуіде қыз бала. Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы.
Осыған дейін 2 ұл ,1 қыз тәрбиелеп отырған отбасы бірден 6 баланың ата-анасы атанды.

Балалардың әкесі Нұрсұлтан Иманғазин қазақ күресінен, дзюдо, самбодан спорт шебері. Бүгінгі таңда Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо бөлімінің аға жаттықтырушысы қызметін атқарады.

Ұқсас ақпараттар

Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар қандай әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізеді?

admin_mugalzhar

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

admin_mugalzhar